
«112» пультіне Павлодар қаласында баланың абайсызда пәтердің кіреберіс есігін ішінен жауып алғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жедел жетті. Ата-анасының қатысуымен олар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, 8-қабаттан 5-қабатқа түсіп, терезе арқылы пәтерге кірді.
Пәтердің ішінде екі бала болған. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Павлодар облысының ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауды және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.