Павлодар облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Павлодар облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Баянауыл ауданының таулы жерінде табиғи өрт шықты.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, Жанатлек және Қаратомар ауылдарындағы ауыл құтқарушыларының посттары, Баянауыл МҰТП және «Ертіс Орманы» қызметкерлері, Баянауыл ауылының ерікті құрылымдары, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі жұмылдырылды.

          Барлығы 80-нен астам адам мен 30 техника тартылған. Өртті сөндіру және іргелес аумақты қорғау үшін үш учаске мен жедел штаб құрылды. Сөндіру жұмыстары қатты желге, таулы жер бедеріне және аумақтың жетуі қиын болуына байланысты қиындауда.

          Жұмыстар таулы жер бедерінің күрделілігіне байланысты қиындауда.

Өртті түпкілікті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай ТЖМ бақылауында.