
Көміртегі тотығы түссіз және иіссіз, сондықтан көміртегі тотығымен улану көбінесе байқалмайды.
Күнделікті өмірде көміртегі тотығымен улану әдетте екі жағдайда болады. Қыста жылуды сақтауға тырысып, тұрғындар пештің қақпақтарын жауып қояды. Нәтижесінде отын толығымен жанбай, көміртегі тотығы пайда болады, ол бүкіл үйге таралады. Улану көбінесе түнде, адамдар ұйықтап жатқанда болады.
Екіншісі-автокөлікті жабық гаражда жылыту. Жабық қақпада іске қосылған көлік бөлмені пайдаланылған газдармен тез толтырады, бұл өлімге әкелетін концентрацияны тудырады.
Өткен тәулікте көміртегі тотығымен уланудың 2 жағдайы тіркелді, 5 адам зардап шекті.
Павлодар облысы ТЖД келесіні ескертеді:
- жанармай толығымен жанғанша қақпақтарды жаппаңыз;
- іске қосылған көлікті гаражда қалдырмаңыз;
- таза ауа ағынын қамтамасыз етіңіз;
- уланудың алғашқы белгілерінде шұғыл түрде сыртқа шығып, жедел жәрдем шақырыңыз.