
Жаңа оқу жылы қарсанында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.
Балаларға мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және жаңа оқу жылын сәтті бастауға қажетті барлық заттар табысталды.
Балалардың ата-аналары мен мектеп басшылығы балаларға көрсетілген көңіл мен қолдау, қамқорлық үшін Павлодар облысының ТЖД қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Акция қорытындысы бойынша Департаментке алғыс хат табысталды.