Павлодарда өрт сөндіруші-құтқарушыны еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Павлодарда өрт сөндіруші-құтқарушыны еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

      Павлодарда №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Евгений Мироновты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Жас кезінде ауыр дерттен өмірден озған әріптесін еске алу үшін оның қызметтестері, сала ардагерлері, өрт сөндіру гарнизондарының өкілдері мен достары бас қосты.

         Евгений Александрович Миронов өз өмірін қызметке және адамдарды қорғауға арнады. Ол өрт сөндіруші-құтқарушы болып еңбек етіп, азаматтық қорғау кіші сержанты атағын иеленген. Әріптестері оны өз ісінің кәсіби маманы, батыл әрі қызметіне адал азамат ретінде еске алады.

          Турнир «Жұлдыз» стадионында өтті. Жарысқа 8 команда қатысты.

          Қатысушылар үшін бұл тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар әріптестермен қайта бас қосып, Евгений Мироновты еске алуға және қызметкерлерді біріктіретін дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік болды.

          Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын — Павлодар гарнизоны

2-орын — «Райондар» командасы

3-орын — Екібастұз гарнизоны

          Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және ауыспалы кубокпен марапатталды.

          Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары арнайы номинациялар бойынша марапатталды:

-Үздік қақпашы — Берік Олжагельдинов

-Үздік шабуылшы — Диас Гросс

- Үздік қорғаушы — Азамат Жантемиров

- Турнирдің үздік ойыншысы — Диас Кокин

          Ардагерлер кеңесінің атынан Майский ауданы командасының ойыншысына арнайы жүлде табысталды.

          Бұл күні Евгений Мироновтың отбасына да ерекше көңіл бөлінді. «Мектепке жол» акциясы аясында Ардагерлер кеңесі марқұмның қызына оқу жылына қажетті мектеп құралдарын сыйға тартты. Сонымен қатар командалардың өкілдері отбасыға мектепке қажетті заттарды сатып алуға арналған сертификаттар табыстады.