Іс-шара аясында құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын заманауи авариялық-құтқару техникасын, құрал-жабдықтар мен арнайы жарақтарды таныстырды. Форумға қатысушылар техниканың мүмкіндіктерімен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушылардың қызметі туралы мол мағлұмат алды.
Форум тәжірибе алмасуға, волонтерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға және қауіпсіздік мәдениетін насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.