
Аққулы ауданындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман төсенішінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Үйлесімді әрі жедел әрекеттердің арқасында өрт оқшауланып, жалынның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 34 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпті кезеңде орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды еске салады. Өртті байқасаңыз, 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарлаңыз.