Өрт сөндірушілер арасында шағын футболдан турнир өтті

Өрт сөндірушілер арасында шағын футболдан турнир өтті

Қазақстан Республикасының Астана күніне орай Ақсу қаласында  гарнизонының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шара командалық бірлік пен өзара құрмет рухында өтті. Турнир барысында қатысушылар жоғары дене даярлығын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Мұндай спорттық жарыстар бөлімшелер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында спорт мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Турнирге барлығы 6 команда қатысты. Нәтижесінде ІІІ орынды №5 өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді. ІІ орын «ЕЭК» АҚ өрт сөндіру бөлімі командасына бұйырса, І орынды №10 өрт сөндіру бөлімі командасы жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік ойыншылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігін, дене шынықтыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ ұжымдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған.