
Өткен демалыс күндері Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар, білім басқармасы және еріктілер өкілдерімен бірлесіп өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер өткізді.
Іс-шаралар барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Профилактикалық жұмыстар 9 мыңнан астам адам, оның ішінде 1000-нан астам балалар арасында жүргізілді.
Рейдтердің қорытындысы бойынша 71 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 36 адам тартылып, тағы 35 азаматқа ескерту жасалды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау – өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі екенін еске салады. Су айдындарындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.