ТЖМ құтқарушылары Павлодар қаласының тұрғынына көмекке келді

ТЖМ құтқарушылары Павлодар қаласының тұрғынына көмекке келді

        112 операторының номеріне тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, дүкеннің қалқасына түскен әйелге көмек қажет туралы хабарлама түсті.

      Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баспалдақтың көмегімен ғимараттың қалқасына көтерілді. Полиция қызметкерлері мен медицина мамандарының  көзінше альпинистік жабдықтар мен арнайы зембілді пайдалана отырып, 1961 жылы туған әйелді абайлап эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

     Құтқарушылардың жедел, үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында эвакуация жұмыстары жылдам әрі қауіпсіз жүргізілді.