
Ауа райынын ісуіне байланысты Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары су айдындарында демалысты жиі таңдауда. Алайда, қауіпсіздік талаптарын сақтамауы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Өңірде шомылуға арналған 45 ресми демалыс орны белгіленіп, қажетті қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.
Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп тұрақты түрде профилактикалық рейдтер өткізуде. Рейд барысында тыйым салынған орындарда шомылу және алкогольдік күйде шағын көлемді кемелерді басқару фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.
Шомылу маусымы басталғалы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 412 және 440-баптары бойынша 100-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кезекті рейд барысында Ертіс өзенінде белгіленбеген жерде шомылу дерегі анықталып, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
2026 жылдың басынан бері Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары су айдындарында 19 адамның, оның ішінде 3 баланың өмірін сақтап қалды.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: қауіпсіз демалыс – қауіпсіздік қағидаларын сақтаудан басталады. Тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеңіздер. Сақтық – адам өмірінің кепілі.