100 мың маңызды ескерту: Павлодар облысында балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоба іске қосылды

100 мың маңызды ескерту: Павлодар облысында балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоба іске қосылды

Павлодар облысында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған жаңа профилактикалық жоба жүзеге асырылуда. INMART сауда желісімен бірлесіп, 100 мың қаптама пакетке балалар қауіпсіздігі бойынша пайдалы ақпарат қамтылған QR-кодтар орналастырылды.

QR-кодты сканерлеу арқылы өңір тұрғындары балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу жөніндегі ұсынымдармен, сондай-ақ тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерімен таныса алады.

Жоба ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға және әсіресе жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.