Екібастұздағы өрт кезінде Павлодарс облысы ТЖД қызметкерлері 6 адамды құтқарып, эвакуациялады

Екібастұздағы өрт кезінде Павлодарс облысы ТЖД қызметкерлері 6 адамды құтқарып, эвакуациялады

 Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы Солнечный кентінде бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші және бесінші қабаттарындағы балкондардан өрт шықты. Өрт төртінші және бесінші қабаттардағы екі пәтерге тарады. Өрттің жалпы ауданы шамамен 60 шаршы метрді құрады.

          Оқиға орнына жедел жеткен қызметкерлер баспалдақ арқылы бір адамды құтқарды. Тағы бір тұрғын автосатының көмегімен құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы тағы төрт тұрғын эвакуацияланды.

          Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

          Павлодар облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарлауға шақырады.