
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Журналистер үшін жуырда күрделі жөндеуден өткен Атамекен кентіндегі №5 өрт сөндіру бөлімінде танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтарға жаңартылған бөлім ғимараты, өрт сөндірушілердің заманауи қызмет ету жағдайлары және бөлімшенің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Іс-шара барысында өрт сөндіру роботы ерекше қызығушылық тудырды. Мамандар оның техникалық сипаттамалары, мүмкіндіктері және ірі әрі күрделі өрттерді сөндіру кезіндегі қолданылуы туралы жан-жақты айтып берді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметін объективті әрі жан-жақты жариялауға қосқан үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық төсбелгілермен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Өзара ынтымақтастықтың белгісі ретінде журналистер өрт сөндіру бөлімінің аумағын көгалдандыруға қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары атынан арнайы атаулы ағаш отырғызды.