Екібастұз қаласында кешенді оқу-жаттығу жүргізілуде

Екібастұз қаласында кешенді оқу-жаттығу жүргізілуде

     2026 жылғы 24–26 маусым аралығында Екібастұз қаласында табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерінің кешенді оқу-жаттығуы өткізілуде.

   Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға дайындығын тексеру және жетілдіру.

   Бірінші күннің қорытындысы бойынша жедел әрекет ету жасағының құрамына кіретін құрылымдардың саптық байқауы өткізілді. Электр сиреналары іске қосылып, төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған жағдайда халықты хабардар етудің баламалы тәсілдерінің дайындығы тексерілді.

    Оқу-жаттығу барысында қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге және төтенше жағдайлардың түрлі сценарийлеріне ден қою тиімділігін арттыруға бағытталған екі тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

    Сонымен қатар, Екібастұз қаласы әкімінің басқару пункттеріне тексеру жүргізіліп, олардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге дайындығы бағаланды.

    Кешенді оқу-жаттығу жалғасуда. Жоспарланған іс-шаралар азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттыруға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.