Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған форумға қатысты

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өткен «Біздің тарихымыздың рәміздері – болашағымыздың кепілі» атты форумға қатысты.
Іс-шара мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, оқытушыларды, студенттер мен өңір жастарын бір алаңға біріктірді. Форум барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы, патриоттық тәрбиені нығайтудағы және азаматтық бірлікті бекітудегі маңызын талқылады.

ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Елтаңбасына және Әнұранына құрметпен қарау қоғамға қызмет етудің маңызды бөлігі әрі құтқарушылардың кәсіби борышының ажырамас құрамдасы екенін атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді күн сайын атқара отырып, ведомство қызметкерлері жауапкершілік, Отанға адалдық және мемлекеттік құндылықтарға беріктік қағидаттарын басшылыққа алады.

Осындай іс-шараларға қатысу патриоттық рухты нығайтуға, тарихи жадымызды сақтауға және жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.