Павлодарлық оқушылар арасында «Қауіпсіздік бәрінен бұрын: төтенше жағдайда дұрыс әрекет етеміз!» атты қауіпсіздік шараларын білуге арналған квест-ойын өтті

Павлодарлық оқушылар арасында «Қауіпсіздік бәрінен бұрын: төтенше жағдайда дұрыс әрекет етеміз!» атты қауіпсіздік шараларын білуге арналған квест-ойын өтті

     Танымдық әрі пайдалы іс-шараны Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері мен «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК бірлесіп, «Жас көшбасшылар» облыстық форумы аясында ұйымдастырды.

      Квесттің басты мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша білімдерін тексеру болды. Ойынның ерекше форматы балаларға қауіпсіздіктің маңызды қырларын меңгеруге, күйзеліс жағдайында дұрыс әрекет етуге және айналасындағыларға көмек көрсетуге үйретті.

     Квест бірнеше интерактивті станциялардан тұрды (өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету, судағы қауіпсіздік). Іс-шараға Павлодар қаласының мектеп оқушылары қатысып, түрлі станцияларда сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі бойынша тапсырмалар орындады.

     Оқушылар құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің мамандық ерекшеліктерімен танысып, заманауи құрал-жабдықтарды көріп, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша білімдерін нығайтты.