Павлодар облысы ТЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

Павлодар облысы ТЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

   15–17 мамыр аралығында Мәскеу қаласында 16 елден келген 300-ге жуық үздік спортшының басын қосқан «Достық кубогы» халықаралық қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті. Қазақстан ТЖМ ведомстволық «Batyr Team» клубының спортшылары халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

   Қатысушылар «Жекпе-жек», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» сайыс түрлері бойынша сынға түсіп, 30 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

   Павлодар облысы ТЖД қызметкері Владимир Демьяновтың өнер көрсетуі ерекше мақтаныш тудырады. Ол өңір намысын абыроймен қорғап, команданың табысына үлес қосып, «Өзін-өзі қорғау» түрі бойынша 3 алтын медаль жеңіп алды.

   Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 30 медальмен (17 алтын) жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Жалпы медаль есебінде Ресей құрамасы 38 медальмен (11 алтын) бірінші орынға шықса, Моңғолия құрамасы 15 медальмен (3 алтын) үшінші орынға тұрақтады.

   Қазақстандық спортшылардың жоғары нәтижелері отандық қоян-қолтық ұрыс мектебінің кәсібилігін, табандылығын және дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.