Павлодарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өрт оқшалауланды

Павлодарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өрт оқшалауланды

«101» пультіне қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жіберіліп, шамамен 3 гектар аумақтағы өрт бойынша сөндіру жұмыстары жүргізілді

Сағат 01:07-де өрт оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқиға орнында ТЖД, «Экосервис ПВ» ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 55 адам және 35 техника бірлігі тартылған.

Қалдықтарды жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін полигонға қызмет көрсететін ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.