Мамандық тоғыстырған отбасы!

Мамандық тоғыстырған отбасы!

        Халықаралық отбасы күні — жылулықтың, махаббат пен өзара қолдаудың мерекесі. Отбасы әр адам өміріндегі сенімді тірек, күш пен шабыттың қайнар көзі.

          Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының Қалқаман кентіндегі трассалық медициналық-құтқару пунктінде фельдшер Балашова Жасмин Асхатқызы мен құтқарушы-санитар Балашов Александр Александрович иық тіресе еңбек етуде.

        Оларды адамдарға көмек көрсету, ең қиын сәттерде жанынан табылу секілді ортақ мақсат пен қызмет таныстырды.

          Бірге жұмыс істей жүріп, олар сенімді әріптес қана емес, шынайы махаббатты да тапты.

          2025 жылғы 25 желтоқсанда Жасмин мен Александр шаңырақ көтеріп, шынайы сезім өзара түсіністік, қолдау және мамандыққа деген адалдық бар жерде пайда болатынын дәлелдеді.

          Олардың тарихы — ортақ мамандық, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлық бақытты отбасының берік негізіне айналатынының жарқын үлгісі.

          Осы мерекелі күні жас отбасына амандық, татулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз.