
15 мамыр Отбасы күні – жақындарымызға құрмет көрсетіп, ата-анаға алғыс айтып, жанұя қадірін терең сезінетін ерекше мереке.
Азаматтық қорғау полковнигі Искара Дастан Абукумарұлы және азаматтық қорғау старшинасы Таева Асель Жанибековна төтенше жағдайлар саласында 20 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Осы салада иық тіресіп сол мамандықты тізгіндеп жүр, бұл қызметінің ерлікті, табандылықты қажет ететінін жақсы түсінеді. Олар тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Отбасында 4 қыз тәрбиелеп отыр. Отбасы - әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына, мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен бірліктің алтын ұясы.