Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Ұлы Отан соғысына қатысқан өртке қарсы қызмет ардагерлеріне арналған фотокөрме өтті. Жеңістен кейін 37 майдангер өз өмірін облыстың қала-аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріндегі қызметпен байланыстырды. Олар бөлім және қарауыл басшылары, жүргізушілер болып еңбек етіп, жас қызметкерлерге үлгі-өнеге көрсетті.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Аскарова Какима Хайрулловна әрбір майдангердің жауынгерлік және еңбек жолы туралы айтып өтті. Ол бүгінгі қызметкерлер аға буынның даңқты дәстүрін лайықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.