Команда энергиясы — тиімді жұмыстың негізі

Команда энергиясы — тиімді жұмыстың негізі

Департамент психологтары аппарат қызметкерлерімен ұжымдық бірлікті нығайтуға, командалық рухты қалыптастыруға, өзара түсіністікті дамытуға және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталған тимбилдинг өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер командалық байқаулар мен эстафеталарға қатысып, ұйымшылдықтарын, белсенділіктерін және бір команда болып жұмыс істей алу қабілеттерін көрсетті. Тимбилдинг достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.