Астанада Отан қорғаушылар күніне орай ауқымды патриоттық іс-шара өтті

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай ауқымды патриоттық іс-шара өтті

Мерекелік бағдарлама аясында Төтенше жағдайлар министрлігінің заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жауынгерлік, саптық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шара қонақтары заманауи өрт сөндіру техникаларымен, биік нысандарда жұмыс істеуге арналған автосатымен, кинологиялық қызметтің арнайы автокөлігімен, сондай-ақ роботтандырылған кешендермен, ұшқышсыз жүйелермен және азаматтық қорғаныс құралдарымен танысты.

Келушілердің ерекше қызығушылығын Павлодар облысы ТЖД ұсынған инновациялық әзірлеме — өрт сөндіру роботы тудырды. Тәжірибелік үлгі «Қалқан-7» ЖШС-мен бірлесіп жасалған. Робот жарылыс қаупі бар, ғимарат құрылымдарының құлауы мүмкін және өте жоғары температура жағдайларында жұмыс істеуге арналған. Құрылғы қашықтан басқарылады. Робот секундына 1 метрге дейін жылдамдықпен қозғалып, суды 65 метр қашықтыққа дейін беріп, 70 градусқа дейінгі бұрышпен шашырата алады.

Мұндай техника құтқарушылар үшін аса қауіпті жағдайларда міндеттерді қауіпсіз орындауға мүмкіндік береді.