Орын алған өрт "Ауыл құтқарушылары" бекеттерінің қатысуымен жойылды

Орын алған өрт "Ауыл құтқарушылары" бекеттерінің қатысуымен жойылды

Ақтоғай ауданы Приреченск ауылындағы санкцияланған қоқыс үйіндісінде өрт туралы хабарлама 29 сәуір сағат 18:09-да келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен Жоламан, Қожамжар ауылдарының "Ауыл құтқарушылар" бекеттері жедел келді.

1 гектар аумақта жану жедел түрде жойылды. Сөндіруге 7 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Жедел және үйлестірілген іс-қимылдардың арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды.