
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік инспекторлар тарапынан заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда 1424 сенім телефонына хабарласу ұсынылады.