Павлодарда ТЖД қызметкерлері студенттерге өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы айтып берді

Павлодарда ТЖД қызметкерлері студенттерге өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы айтып берді

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың Жол картасы аясында Инновациялық Еуразия университетінде бейінді мамандықтардың студенттерімен кездесу өтті. Оны Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мақсат Жұмабеков жүргізді.

          Кездесу барысында студенттерге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын бақылау және қадағалау жүйесі туралы айтылды.

          Жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Техникалық мамандықтардың түлектері Павлодар облысының кәсіпорындарында да, өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты мемлекеттік органдарда да жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы хабардар етілді.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби перспективалар туралы хабардарлығын арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысқа қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.