Павлодар облысы Баянауыл ауылында, Сабындыкөл көлі маңында 112 пультіне әйел адамнан құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына ДЧС қызметкерлері жедел түрде шықты. Оқиға орнына келгенде үй жануарларын айдап бара жатқан әйелдің батпақты жерде тұрып қалып, өздігінен шыға алмағаны анықталды.
Құтқарушылар мен прокуратура қызметкері жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды.