
Көбінесе өрттің себебі тұрғындардың қарапайым немқұрайлылығы болып табылады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау-пеште қараусыз қалған ас немесе толық сөндірілмеген темекі тұқылдары, көп қабатты үйлер мен қоқыс жәшіктеріндегі орын алған түтін өртке әкеледі.
Мұндай жағдайда өрт сөндіру бөлімдері барынша күштер мен құралдарды тартуға мәжбүр болады, өйткені адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төнеді.
2026 жылдың басынан бері қоқыс контейнерлерінде 35 өрт оқиғасы тіркелді. Тек соңғы тәулікте екі оқиға орын алды.
Академик Сәтбаев көшесінде орналасқан металл қоқыс жәшігінде ауданы 5 шаршы метрде өрт шықты.
Екібастұзда өрт сөндірушілер ауданы 0,5 шаршы метр ашық аумақта қоқыстың өртенуін жедел сөндірді.
Екі жағдай да отқа абайсыздық танытқаннан болды.
Жыл басынан бері "101" және "112" шұғыл қызметтерінің пультіне барлығы 61 000-нан астам хабарлама келіп түсті.
Павлодар облысы ТЖД тұрғындарға: өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Сіздің абай болуыңыз-өмірдің, денсаулықтың және мүліктің сақталуының кепілі болып табылады.