
Облыстық су тасқынына қарсы штабтың мәліметінше, автокөлік жолдарында 3 су жүріп кету жағдайы бар, оның екеуі Баянауыл ауданындағы мамандандырылған бетондалған учаскелерінде (Жаңажол - Ескелді автожолдары және Көкдомбақ ауылына кіреберісте). Тағы біреуі Ақтоғай ауданында Жолболды–Шұға автожолының учаскесінде жол топырағының жартылай құлауы байқалды. Бұл учаскеде полиция мен жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілік жүргізеді, өткелдер мен балама жол бар.
Қардың қарқынды еруіне және дала алқабынан еріген судың келуіне байланысты облыстық жедел су тасқынына қарсы штаб Успен ауданының Белоусовка ауылында жедел алдын алу шараларын қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғау күштері мен құралдарының қатысуымен келесідей алдын алу іс-шараларын жүргізді: жер үйіндісі тұрғызылды, бұру арнасы қазылды, қапшықтар төселді және инертті материал дайындалды. Уақтылы қабылданған шаралармен ауылды еріген сулардан қорғау қамтамасыз етілді.
Азаматтық қорғау күштері мен құралдары кез келген төтенше жағдайларға ден қоюға толық дайын. 1800 адамнан, 975 арнайы және инженерлік техникадан, сондай-ақ 357 су айдайтын және 21 жүзу құралынан тұратын топ құрылды.