
Павлодар облысында 2026 жылдың басынан бері пеш үстінде бақылаусыз қалдырған асқа байланысты 26 жағдай тіркелді. Мұндай оқиғалар көбінесе кішігірім тұрмыстық жағдайлар ретінде қабылданады, бірақ олар өрт тудыруы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Тағы бір оқиға 2 сәуірге қараған түні орын алды. Шұғыл қызметтердің пультіне Павлодар қаласы, Заслонов көшесі мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі түтін туралы хабарлама келіп түсті.
Барлау барысында өрт сөндірушілер пеш үстінде бақылаусыз қалған тамақты тапты. Өрттің алдын алды.
Пәтер иесі мас күйінде болған. Осы факті бойынша пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
ТЖД қызметкерлері аймақ тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау және қосылған тұрмыстық техниканы қараусыз қалдырмау туралы өтінішпен жүгінеді. Тіпті сәл бақылауды жоғалту ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.