Павлодар облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Павлодар облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың ақпараты бойынша Успен, Железин, Ертіс, Ақтоғай аудандары бақылауда.  Азаматтық қорғау күштерінің тобы құрылды: 1800-ден астам адам, 975 бірлік техника, 357 су айдау құралдары және 21 жүзу құралдары, олар қорғаныс құрылыстарын нығайту, қаптар төсеу, бөгеттер мен су бұру арналарын салу бойынша жүргізілетін алдын алу іс-шараларына қатысады. Елді мекендерде 300 мың текше метрден астам еріген су айдалды.

Инфрақұрылым толығымен дайын: су өткізу құрылыстары ашылды, елді мекендерді қардан тазарту және үйінділеу жұмыстары орындалды, эвакуациялау пункттері дайындалды.

Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылған.