
Павлодар қаласында патрульдеу барысында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Ертіс өзенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарушылар мұз жиегінде тұрған, өмірлеріне қауіп төндірген бес кәмелетке толмаған баланы байқады.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл түрде шара қабылдап, балаларды мұздан алып шықты. Кәмелетке толмағандар ата-аналары келгенге дейін ТЖД бөлімшесіне жеткізілді.
Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысы ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және әсіресе мұздың бұзылу кезеңінде жұқа мұзға шығуға болмайтынын ескертеді.