
Бірінші оқиға таңертең Павлодар қаласының Ткачев көшесінде болды. Пәтерлердің бірінде үш жасар бала есікті ішінен жауып алып, оны өздігінен аша алмады. Бұл жерге құтқарушылар жедел келіп, арнайы жабдықтың көмегімен есікті ашты. Аталмыш жұмыс полиция қызметкері мен баланың анасының қатысуымен жүргізілді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.
Екінші оқиға Ақсу қаласында Камзин көшесінде орын алды. Бұл жерде де бала есікті ішінен жауып алған. Көмек көрсету үшін құтқарушылар үш тізелі баспалдақты пайдаланды: екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, олар пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Бала дін аман.
Павлодар облысының ТЖД балаларды тұрақты бақылаудың және тұрмыста қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады.