
Қабдылов Самат Әуезұлы 1999 жылы 14 шілдеде Павлодар облысы Успенка ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімін Ресей ТЖМ Орал мемлекеттік өртке қарсы қызмет институтында "өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдады.
Азаматтық қорғау саласындағы қызметін 2022 жылы бастады. Қызмет барысында өзін мемлекеттік өрт бақылау саласында білімі мен практикалық тәжірибесі бар, жауапты және бастамашыл қызметкер ретінде көрсетті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында тәжірибесі бар, өрттердің туындау қаупін азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысады.