
Түнде Ертіс ауданында «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолында қар құрсауында қалған адамдар мінген көліктер шығарылды. Барлығы 7 адам, оның ішінде қар тазалау техникасының жүргізушісі құтқарылды. Олардың барлығы Ертіс ауылына жеткізілді.
Шарбақты ауданында қар құрсауында қалған автокөлік сүйретіліп шығарылып, 6 адам Шарбақты ауылына жеткізілді. Байет ауылына кіреберіс жолда құтқарушылар жолдан шығып кеткен көлікке көмектесіп, 4 адамды елді мекенге дейін жеткізді.
Павлодар ауданында жолда қар құрсауында қалған автокөлік шығарылып, 2 жолаушы Черноярка ауылына жеткізілді.
Сондай-ақ Екібастұз қаласында құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен дәрігерлерге Құрылысшы ауылындағы төрт жастағы балаға жетуге көмектесті.