
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Департамент бастығы әйелдерді осы айтулы мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне, адалдығына және қызметтің дамуына қосқан үлесіне алғыс білдірді. Салтанат барысында үздік қызметкерлер марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Іс-шараның атмосферасы құрметке, ризашылыққа және әйелдерге арналған шынайы жылы лебіздерге толы болды.