
2026 жылғы 5 наурызда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Рождествен ауылдық округінің әкімі Альхан Қуатұлы Кизатовпен бірлесіп, азаматтық қорғау органдарының ардагері Слепко Татьяна Ивановнаны алда келе жатқан мерекемен — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Көпжылдық еңбегі мен азаматтық қорғау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Татьяна Ивановнаға гүлдер мен жеміс-жидек себеті табысталды.
Ардагерге шынайы алғыс білдіріліп, зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр, сондай-ақ туған-туыстарының ықыласы мен қамқорлығы тілінді.