Азаматтық қорғаудағы ару жандар: кәсібилік және адалдық

Азаматтық қорғаудағы ару жандар: кәсібилік және адалдық

Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері күн сайын жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті көрсете отырып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Азаматтық қорғау подполковнигі Айгүл Әлтайқызы Дүйсембаева 2003 жылдан бері қызмет етіп келеді және МӨББ бас маманы болып табылады. Жұмыс барысында ол төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында үлкен тәжірибе жинақтады, алдын алу шараларын әзірлеуге және жас мамандарды даярлауға белсенді қатысуда.

Азаматтық қорғау подполковнигі Айнұр Ермекқызы Асқарова азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. Техникалық нормалау тобының бас маманы ретінде ол өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылаумен және осы салада заманауи шешімдерді енгізумен айналысады.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері нәзік жандылар азаматтық қорғау жүйесіндегі жауапты міндеттерді  мүлтіксіз орындай алатынын дәлелдейді. Олардың еңбегі-адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі.