
112 қызмет операторының пультіне Шарбақты-Успенка автожолында автокөлік жол шетіне түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Шарбақты ауданы ТЖБ қызметкерлері жедел түрде барды. Келген кезде құтқарушылар Ресей Федерациясының екі азаматы Toyota Land Cruiser көлігімен жол шетіне түсіп кетіп, өздігінен шыға алмайтынын анықтады.
Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, автокөлікті жолға шығарды. Осыдан кейін жолаушылар қозғалысты жалғастырды.
Орын алған оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ-азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушыларға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, олар өз жолдарын аман-есен жалғастырды.