Павлодарда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

Павлодарда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

2026 жылғы 1 наурызда Павлодар қаласында "Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару"  ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

          Павлодар облысы ТЖД іс-шара шеңберінде төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша оқыту сабақтары, заманауи авариялық-құтқару және өрт техникасын көрсету, жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарымен таныстырды.  Мамандар төтенше жағдайлардың оның ішінде экологиялық тәуекелдерге байланысты алдын алу шаралары және олардың салдарын барынша азайту жолдары туралы айтып берді.

          Тұрғындардың назарына алыстан басқаруға болатын өрттерді жоюға арналған робот ұсынылды. Тәжірибелік үлгіні ТЖД "Қалқан" ЖШС-мен бірлесіп әзірледі.  Балаларға арналған интерактивті ойындар мен өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша шеберлік сыныптары ерекше қызығушылық тудырды. Жас қатысушылар естелік сыйлықтар мен ТЖ кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларымен танысты.

 

Іс-шараның басты мақсаты халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, экологиялық және техногендік қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ құтқарушы мамандығын дәріптеу болды.