
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда салынған объектінің (биіктігі >28 м, адамдар жаппай болатын) пайдалануға беру алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы ТЖМ қорытындысын алу міндетті түрде енгізіледі. Құжат «Е-лицензиялау» порталы арқылы аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен беріледі.
Қажетті құжаттар:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.
Бас тарту негіздері: Жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкес келмеуі, құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың ұсынылуы.
Сонымен қатар салынған объектіге өрт-техникалық тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте, мемлекеттік қызмет көрсетуші бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде өтініш берушіні хабардар етуге және тыңдау рәсімін өткізуге міндетті. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.