Бүлдіршіндер – біздің болашағымыз!

Бүлдіршіндер – біздің болашағымыз!

Павлодар облысы ТЖД Аққулы ауданының ТЖБ №18 өрт сөндіру бөлімінде Бірінғай өрт қауіпсіздік күні акциясына арналған бүлдіршіндерге танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өрт сөндірушілер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қалай ұстау керектігін көрсетті. Сонымен қатар, арнайы өрт сөндіру техникалары мен құрал-жабдықтары таныстырылды

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

Бүлдіршіндердің жарқын күлкісі мен қызығушылығы – еліміздің ертеңіне деген сеніміміздің айғағы