Шаңғы жарысы Павлодар қаласының шаңғы базасында жеке және командалық сынақтардан өтті. Жарысқа 19 команда- барлығы 76 қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар төрт жас санатында бақтарын сынады.
Төтенше жағдайларда күнделікті жұмыс істейтін өрт сөндірушілер үшін дене шынықтыру және төзімділік өте маңызды. Шаңғы спорты тыныс алу жүйесін тиімді нығайтады, жалпы физикалық дайындық пен спорттық дағдыларды дамытады. Сонымен қатар, Ертіс өңірінде шаңғы жарысы дәстүрлі түрде ең танымал қысқы спорт түрлерінің бірі болып қала береді.
Жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Төрешілер алқасы қатысушылардың жақсы дайындығы мен жоғары бәсекелестікті атап өтті.
Табанды күресте командалық есептің жеңімпазы және Кубок иегері Павлодар қаласының 1- МӨСБ командасы жеңіп алды. Екінші орынды Тереңкөл ауданының 8-ӨСБ командасы иеленді, Ақтоғай ауданының 15-ӨСБ командасы қола жүлдегер атанды.
Шаңғы жарысының қорытындысы бойынша өңірлік және республикалық жарыстарға қатысу үшін Департаменттің құрама командасына кандидаттар айқындалатын болады.
Павлодар өңірінің мықты, төзімді, ұйымшыл құтқарушылары қызметте де, спортта да кез келген сынаққа дайын екендіктерін тағы да дәлелдеді.