Жолдағы шұғыл медициналық көмек

Жолдағы шұғыл медициналық көмек

8 ақпанда Қызылорда – Павлодар автокөлік жолында, Байет кентінің маңында 103 қызметінен жол-көлік оқиғасы болғандығы және зардап шеккендер бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

          Бұл жерге ТЖМ АМО трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы дереу жолға шықты. Жүргізуші тізгіндеп ие бола алмай, жол белгісімен соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан бес адам зардап шекті.

АМО бригадасы зардап шеккен екі адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейіннен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Тағы екеуін 103 қызмет қызметкерлері тексерді. Бір адам медициналық көмектен бас тартты.

          АМО және 103 қызметінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетілді.