Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық облыс әкімі бекіткен инженерлік жұмыстар Жоспары, сондай-ақ жазғы, күзгі, қысқы-көктемгі және көктемгі кезеңдерде кезең-кезеңімен іске асырылатын кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су басу қаупін азайту болып табылады.
Инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде су тасқынына қарсы 22 іс-шара көзделген. Бағдарлама әкімшілерінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды. Есепті кезеңде: 153 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды және салынды, 36 су өткізу құрылыстары орнатылды және жөнделді. Баянауыл ауданының (Жаңажол және Қ.Сәтбаев атындағы ауылдық округтер) гидромелиоративтік жүйелерін қайта жаңарту бойынша 23 млн м3 су көлемін реттейтін ауқымды жобалар аяқталды. Аталған іс-шараларды іске асыру 17 елді мекенді су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Рождественка ауылында ұзындығы 3,5 км қорғаныс үйіндісі тұрғызылды, бұл елді мекеннің инженерлік қорғау деңгейін едәуір арттырды.
Ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жою жөніндегі күштер мен құралдар топтамасы құрылды, оған: жеке құрамның 1871 адамы, 769 бірлік техника, 21 жүзу құралы, 357 мотопомпалар кірді. 47 мың қапшық, 1347 тонна инертті материал, 155 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды. Сондай-ақ тамақтануды ұйымдастыруға 80 ниет шарты, Ертіс және Селета өзендерінде (Ақкөл, Май, Тереңкөл, Ақсу қалалары) жарылыс жұмыстарын жүргізуге 4 шарт жасалды.
Су тасқыны кезеңінің ықтимал тәуекелдерін бағалау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" АҚ ПОФ өкілдерімен бірлесіп облыс аудандарына комиссиялық сапарлар өткізеді. Зерттеу барысында қар түсіру, топырақтың қату тереңдігін өлшеу, жауын-шашын мөлшерін талдау және басқа да қажетті гидрометеорологиялық бақылаулар жүргізіледі.