
«101» пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарламалар 31 қаңтар мен 1 ақпанда келіп түсті.
Алғашқы жағдайда 4-бағанда жылуоқшаулағыш материал, қорғаныш жамылғысы және ағаш қалыптау құрылымдары жанған. Екінші жағдайда өрт 150 метр қашықтықта орналасқан 5-бағанда шыққан. Оқиға орындарына жедел түрде өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жіберілді. Биіктіктегі қолжетімділігі қиын учаскелерге байланысты өртті сөндіру жұмыстары күрделене түсті, алайда өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толығымен жойылды. Оттың көпірдің басқа құрылымдарына таралуына жол берілген жоқ.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кету керек, екі өрттің шығу себептері арасында тікелей байланыс жоқ. Бірінші жағдайда өрттің себебі — отты және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.
Екінші жағдайда — электр құралдарын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.