
Павлодар өңірінде су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 22 іс-шараны қамтитын инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Бүгінгі таңда жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде, яғни 100 % орындалды.
Әкімдіктермен, жол және бейінді қызметтер тарапынан қорғаныс сипатындағы кешенді жұмыстар жүргізілді: 156 шақырым қорғаныш дамбалары нығайтылып, салынды, 36 су өткізу құрылысы орнатылып және жөнделді, шамамен 2 шақырым су бұру арналары жабдықталды.
Жергілікті жерлердегі техникалық дайындыққа ерекше назар аударылды. Ықтимал су тасқыны қаупіне жедел ден қою мақсатында аудандар арнайы техникамен толықтырылды — Тереңкөл, Успен және Май аудандарында тіркемелі дизельді мотопомпалар сатып алынды.
Өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы жоспарлы режимде жалғасуда және елді мекендерді су басудан сенімді қорғауға бағытталған.