Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Крещение шомылуы өткізілу кезеңінде кезекшілікті жүзеге асырды

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Крещение шомылуы өткізілу кезеңінде кезекшілікті жүзеге асырды

Аймақта қауіпсіздік талаптары бойынша толық жабдықталған шомылуға арналған 14 ресми орын анықталды. Суға түсетін орындар ыңғайлы және қауіпсіз тәсілдермен, түсуге және көтерілуге арналған баспалдақтармен, қоршаулармен, сондай-ақ жылыту пункттерімен жабдықталды.

18-19 қаңтар аралығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушы-сүңгуірлер, Жедел-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды. Барлығы 133 қызметкер, 24 бірлік техника және 1 бірлік жүзу құралы жұмыс жасады (аэроқайық).

Қазіргі уақытта суға түскендердің саны 3200-ден асты.

   ТЖД тұрғындарға келесіні ұсынады:

- ресми рұқсат етілген және жабдықталған орындарда ғана шомылуға;

- мас күйінде суға түспеуге;

- балаларды қараусыз қалдырмауға;

- құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға;

- денсаулығыңыздың жай-күйін барынша бағалау қажеттілігін ескертеді.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарға, сондай-ақ егде жастағы адамдарға мұзды суға түсуден бас тартуға кеңес беріледі, өйткені температураның күрт төмендеуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.