
Павлодар облысы бойынша Өңірлік коммуникация қызметінде құзыретті органдардың, оның ішінде ТЖД басшылығының қатысуымен Шомылу рәсімін өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті.
Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Думан Қыдырмоллаевтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шомылу үшін 14 орын анықталды. Барлық дайындық шаралары кезең кезеңімен орындалып,
қауіпсіздік талаптары сақталатын болады, олардың ішінде:
- су айдындарының акваториясын зерттеу;
- мұздың қалыңдығы мен беріктігін өлшеу;
- аумақты және кірме жолдарды тазалау;
- қауіпсіз түсу және көтерілу жабдықтары;
- қоршауларды, жарықтандыруды және ақпараттық тақтайшаларды орнату;
- жылыту пункттерін ұйымдастыру;
- құтқару бөлімшелерінің, медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерінің кезекшілігін қамтамасыз ету.
Шомылу рәсімінің өту кезеңінде ТЖД құтқару бөлімшелерін, жүзу құралдарын, авариялық-құтқару техникасын, АМО-ғын іске қосу жоспарлануда. Жеке құрам күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады және ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға тұрақты дайындықта болады.
ТЖД тұрғындарға келесіні ұсынады:
- ресми рұқсат етілген және жабдықталған орындарда ғана шомылуға;
- мас күйінде суға түспеуге;
- балаларды қараусыз қалдырмауға;
- құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға;
- денсаулығыңыздың жай-күйін барынша бағалау қажеттілігін ескертеді.
Сондай-ақ, рұқсат етілмеген суға түсетін орындарды ұйымдастыруға тыйым салынғанын еске саламыз. ТЖД жергілікті атқарушы органдармен, полициямен бірлесіп мұндай фактілердің алдын алуды, бақылауды жүзеге асырады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады.